Қоғам

Ресейлік электр энергиясына ондаған миллиард жұмсалған

Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штабтың мүшелері полиция департаментінің емханасы бар госпиталінде болды. Дмитрий Василенко әлемдік тәжірибеге үңілген. Сонда қуат ошағының қанша жыл қызмет ететінін білген.

Азаматты алаңдататын жайт бар. Өткен жылы Қазақстан Ресейден 100 млрд теңгеге электр энергиясын сатып алыпты. Бұл қаржыға бәленбай үй салып, жол жөнеуге болады. Штаб мүшелері госпиталь өкілдеріне осы және өзге де өткір тұстарды айтты. Сонымен қатар, жексенбідегі референдумға шақырды.

ДМИТРИЙ ВАСИЛЕНКО, АЭС салуды қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штабтың мүшесі:

– Қазақстанда жыл артқан сайын электр энергиясына деген сұраныс 3 пайызға ұлғайып келеді. Еліміздің оңтүстік өңірлерін алайық. Ол жақта жетіспеушілік қазірдің өзінде байқалып отыр. Егер бүгінде маңызды мәселеге қол сілтей қарасақ, ертең сан соғып қаламыз. Осыны жерлестеріміз, отандастарымыз бір кісідей түсінуі қажет.

Заманауи атом электр стансасы экологиялық тұрғыда да тиімді. Ол парниктік газдар шығармайды. Сонымен қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Кездесу барысында осы жайлы да айтылды.

 

Байболат Құлтанов