Атом электр стансасының құрылысына қатысты референдумға 3 күн қалды. Осы аптаның соңында халық таңдау жасайды. Бұл ретте Петропавлда ақпараттық-түсіндіру жұмысы қыза түсті. Белсенді жастар қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде болып, тұрғындарға кезекті мәрте жаднама таратты. Онда елімізде салынуы мүмкін қуат орталығына қатысты маңызды деректер жазылған. Шара барысында жерлестеріміз сұрақтарын да қоя алды.
ӘДІЛ СЕЙДАХМЕТОВ, қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкері:
– Референдумның өтетіні жайлы қала тұрғындары 100 пайыз құлақтандырылды десек болады. Біз күнде мекемелерге, адам көп шоғырланатын жерлерге барып, ақпарат береміз. Бұқараны белсенді болуға шақырамыз. Бүгін 200-ге жуық жаднама тараттық. Тұрғындардың барлығы дауыс беруге ниетті.
Мәдина Қаби