Мәдениет

Теріскейлік театр труппасы түркиялықтардың қошеметіне бөленуде

БАЙБОЛАТ ҚҰЛТАНОВ, тілші:

– Осы күндері Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Түркия тұрғындарын таң қалдыруда. Солтүстікқазақстандық өнер ұжымы жақында Қара теңіз жағасына жетті. Онда сахна саңлақтары қос бірдей фестивальде бақ пен бап сынайды, күллі елдің ел намысын қорғайды. Жерлестерімізбен байланысқа шықтық. Арнамызға сонау Стамбулдан сәлемдеме жолдады.

Таланты теріскейліктер Түркияда француз драматургы Жан-Батист Мольердің “Сараң” комедиясын сахналауда. Ұжым Анадолы жерінде қазақ өнерін паш етті, ана тілімізді көпшілікке естіртті. Бұл – екі күннің бірінде болатын жайт емес.

Қос фестивалдің бірі Стамбулда өтеді. Евразия Театрлар Ассоциациясы ұйымдастырған шараның бәсі биік. Мұнда Италия, Украина, Кипр, Румыния сынды әлемнің 20 елінен театр тарландары келді.

БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры:

– 29 қырүйек күні Денизли қаласында Денизли фестивалінде өнер көрсеттік. Қазақша ойнадық. Бауырларымыз өте тамаша қабылдады. Бүгін Стамбулға келдік, мұнда Малтепе фестиваліне қатысамыз.

Жерлестеріміз Түркияда жоғары баға алса, Европаға жол ашылады. Яғни, Сәбең театры келешекте кәрі құрлықта көк туды желбіретеді.

БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры:

– Өнер алмасу, тәжірибе алмасу, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында келіп отырмыз. 2 қазан күні жоғары деңгейде өнер көрсетеміз деп ойлаймын. Бізбен бірге болыңыздар!

Еліміздің намысын қорғап, абыройын арттырған С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына сәттілік тілмейміз! Стамбулдан сүйінші хабар күтеміз!

 

Байболат Құлтанов