Қоғам

Қазпошта қызметкерлеріне референдумға қатысудың маңыздылығы туралы айтылды

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб мүшелері Қазпошта ұжымымен кездесті. Басқосуда АЭС жайында кеңінен талқыланып, еліміздің энергетикалық болашағы туралы пікірлер ортаға салынды. Білікті мамандар маңызды нысанның энергиямен қамтамасыз етумен шектелмейтінін, сонымен қатар, мемлекетіміздің экономикалық, ғылыми және технологиялық әлеуетін нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ, станция энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға ықпал етеді. Жалпы, жиынға 30-ға жуық адам қатысты. Көбі өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

ЛӘЗЗӘТ ЖАЛМҰҚАНОВА, АЭС салуды қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штаб мүшесі:

– Қашанға энергияны басқа елдерден ала береміз. Салдарынан экономикамыз да дамымайды. Жаңашылдықтан еш қорықпауымыз қажет. Референдумға белсенді қатысқан дұрыс. Әр жанның дауысы маңызды.

 

Нұрасыл Ахмет