Қоғам

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі СҚО бойынша департаменті 9 айды қорытындылады

Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізу. Бұл – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі СҚО бойынша департаментінің негізгі бағыттарының бірі. Биыл өңірде денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы 29 ұйым қамтылған. Қорытындымен департамент басшысының орынбасары Аслан Әліпбаев бөлісті.

АСЛАН ӘЛІПБАЕВ, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына фармацевтикалық қызмет түрлерін нақтылау бөлігінде бірқатар медициналық ұйымдардың жарғыларына түзетулер енгізу арқылы ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуды тоқтату туралы 4 нұсқама шығарылды. Қазіргі уақытта нұсқама орындалу сатысында, жарғыларға түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Департамент монополиясыздандыру және бәсекелестікті дамыту бойынша да жұмыс жүргізеді. Бұл бағытта да бірқатар ұсыным жолданыпты.

АСЛАН ӘЛІПБАЕВ, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Есепті кезеңде мемлекеттік органдарға бәсекелестікті дамыту және монополиясыздандыру бөлігінде тиісті заңнамаға түзетулер енгізу мәселелері бойынша 29 ұсыным жіберілді, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметі, көмір сату, жолаушылар көлігі, дәрі-дәрмек сату және басқа да салалар қамтылды. Бұл ретте 14 ұсыным уәкілетті органдар тарапынан қолдау тапты.

Аслан Әліпбаевтың сөзінше, артта қалған 9 айдың ішінде өңірдегі бірде-бір мекеме айыппұл арқаламаған.

 

Байболат Құлтанов