Облыс әкімі ең алдымен Шал ақын ауданы Жаңажол ауылында болды. Елді мекенде ауыл тұрғындары үшін жаңа медициналық мекеме ашылды. Жаңажол ауылында 400-ге жуық адам тұрады. Енді олар үшін тегін медициналық көмек қолжетімді. Ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.
Ғауез Нұрмұхамбетов нысанның жұмысымен танысты. Медициналық мекемеде орта буынды бір медициналық мейірбике, бір кіші маман мен күзетші қызмет атқарады. Су жаңа ғимарат мемлекеттік және жекеменшік әріптестік жобасы аясында салынған.
НҰРӘЛІ ӘБУОВ, Шал ақын аудандық ауруханасы директорының міндетін атқарушы:
– Ауыл тұрғындарына тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, екіншіден, жыл сайын ересектерді және балаларды скринингтік тексеруден өткізу. Содан кейін халық, балалардың арасындағы жоспарлы екпе егу жұмыстарын жүргізу. Ең бастысы, халық арасында қандай да бір шұғыл жағдай туындаған кезде алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру.
Кейін ауыл тұрғындары аймақ басшысына өздерін алаңдататын сұрақтарын қойды. Олар ауылда интернет пен жарық мәселесі барын айтады.
ӘСЕМГҮЛ ТАСМАҒАМБЕТОВА, Жаңажол ауылының тұрғыны, Шал ақын ауданы:
– Жарық мәселесін шешіп берсеңіз. Су тасқыны кезінде ана жақта тартылған бағандар құлады. Одан кейін асфальт бойымен салды. Времянкамен тұр. Қазір қыс болса, жарық болмайды.
Ауыл тұрғындарының шағымын тыңдаған облыс әкімі аудан әкімінен жауап алды. Кейін аталмыш мәселені дереу шешуді тапсырды.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
– Бұл уақытша мәселесі келесі жылға қалады дейсіз, ал тұрғындар оның қуаты жетпейді, қыста мүлдем жарықсыз қаламыз деп отыр. Бұл мәселе бойынша тез арада жұмыс атқарыңыз. Сосын осы ауыл бойынша маған есеп беріңіз.
Ауданда “Гранит Север” ЖШС-нің асфальт зауыты жұмыс істейді. Аймақ басшысы аталмыш серіктестіктің де жұмысымен танысты. Серіктестікте 10 адам жұмыс істейді, 230 тоннаға арналған битум қоймасы бар. Битум Омбы және Павлодар қаласынан жеткізіледі. Мамандар, асфальт сапасы бақылауда екенін айтты.
– Битум қалай келеді? – Міне, араластырғышқа ыстық материал кірген кезде автоматты түрде битум қосылады. Онда бәрі араласады және дайын асфальт бункерге түседі.
Ауданда Е.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия жұмыс атқарады. Білім ордасында 593 оқушы мен 75 мұғалім бар. Сондай-ақ, мекемеде «Тамшы» шағын орталығы жұмыс істейді. Онда 100 бала тәрбиеленеді. Балалардың ой-ұшқырын, спорттық дағдыларын арттыру үшін жағдай жасалған. Ғауез Нұрмұхамбетов орталықтың жұмысымен танысып, бөбектердің өнерін тамашалады.
Айта кетейік, Шал ақын ауданында балабақша тапшылығы сезіледі. Ауданда тек бір ғана балабақша және 25 шағын орталық жұмыс істейді. Аудандық білім бөлімінің басшысы облыс әкіміне мәселе барын айтып, балабақша құрылысын жүргізуді сұрады.
БҰЛБҰЛ АХМАДИҚЫЗЫ, Шал ақын ауданы білім бөлімінің басшысы:
– Оқушылардың балабақша смарт порталында 42 оқушы тұр қазір кезекте 6 жасқа дейінгі және де 100 балаға шағындалған 97 бала келіп жүр. Мектептің сыйымдылығы бойынша бұл мектепте 464 бала оқуы керек. Қазіргі таңда 700 бала 1-ші сыныпқа дейін оқып жатыр және де предшкола класы бар, 4 группа, мини-центріміз бар. Сыйымдылығы тығыздау болып тұр балаларымызға. Оны қалай шешетін боламыз? Жақсы болар еді садик құрылысын жүргізсеңіздер.
Ауданда жылыту жүйесіне дайындық барысы қарқын алуда. Осы тұрғыда биыл облыстық бюджеттен 242 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа екі қазандық орнатылған. Облыс әкімі сол қазандықтың біреуінің жұмысымен танысты.
ҚАЙРАТ ОМАРОВ, Шал ақын ауданының әкімі:
– Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандары бойынша көмірмен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды. Халықтың 73 пайызы ғана көмірмен қамтылған, жұмыстар жалғасып жатыр. Сергеевка қаласы бойынша 5 қазандық бар, ол 20 көппәтерлі тұрғын үйді, 50 жер үйді, екі мектепті, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, мәдениет үйін және балабақшаны қамтиды.
Солтүстік Қазақстанда 534 мың халық тұрады, оның 103 мыңға жуығы – қариялар. Облыс әкімі аудандық мұражайдың жұмысымен танысып, ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады. Ғауез Нұрмұхамбетов облыс пен ауданның гүлденуіне қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Өзімнің атымнан сізге алғысымды білдіремін. Денсаулық тілеймін, балалар, немерелер бар шығар, рахатын көріп, мақсаттарыңызға жететін болыңыздар. Балалармен мақтанып, біз сіздермен мақтанатын болайық. Бізге батасын беріп, біз сіздерден бата алуға әрдайым дайынбыз.
Солтүстік Қазақстан облысында егін жинау науқаны жалғасуда. Шал ақын ауданы фермерлерінің бірі – Александр Лугининнің егістігінде барлық жұмыс қызу жүріп жатыр. Жалпы, фермер 6 мың гектар жерден өнім алуы тиіс. Айтуынша, биылғы жылы ауа райының қолайсыздығы егін жинауға әсер етпеген. Ауыл шаруашылығы қызметкері атап өткен жалғыз мәселе қаржыландыруға қатысты.
АЛЕКСАНДР ЛУГИНИН, «Стимул-23» ЖШС директоры:
– Ылғал пайда әкелді, жұмыс жақсы жүрді. Кейбір жерлерде 35 центнерден дәнді дақыл алдық, бидайдың жұмсақ сорттары – 30, бұршақ дақылдары бойынша – 15-16, рапс-27-30 қылып алдық. Қаржыландыруды ұлғайтса жақсы болар еді. Міне, облыс әкіміне және басшылыққа жалғыз өтінішіміз осы. Мысалы, бір гектарға 100 мың теңге жасалса.
Аудандағы дәнді және бұршақ дақылдарын жинау барысымен танысқан Ғауез Нұрмұхамбетов өңірде егін жинау науқаны 80%-ға аяқталғанын хабарлады. Сонымен қатар, күзгі қолайсыз ауа райына қарамастан, барлық фермерлер жоғары өнімділікке қол жеткізгенін айтты.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Әрине, 80 пайыз аяқталды. Нан 17,6 өнімділікке жиналды. Бүгінде 50 центнер, 30 центнерлі шағын алқаптар бар, гектарына 25 центнер бар, ол Тайынша, Айыртау ауданында, барлық аудандарда да шаруа қожалықтарын береді. Ақжар ауданында басшылар гектарынан 2 центнерден жинайды. Жалпы, бұл жыл өте жақсы.
Жол – өзекті мәселелердің бірі екені жасырын емес. Қазіргі таңда аудандық маңызы бар ұзындығы 7 шақырымды құрайтын Городецкое ауылына кіреберісте жолды орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Ғауез Нұрмұхамбетов атқарылып жатқан жұмыспен танысты. Кейін мердігерлердің жұмысына тоқталды. Өңір басшысы жосықсыз мердігерлер анықталған жағдайда қатаң түрде жазаға тарту керектігін айтты.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Кім де кім жұмысын жақсы атқарса, оларға міндетті түрде қолдау көрсету керек, ал жұмыс адал атқарылмаса, олармен аяусыз түрде күресу керек. Себебі, бұл – бюджет есебінен бөлінген қаржы. 21-ші ғасырда елді мекендердегі жолдардың сапасы көңіл көншітпейді. Мұған себеп жосықсыз мердігерлер екенін айта аламыз. Қандай негізде? Оларға кім рұқсат берді? Бұл – біздің салық төлеушілердің қаражаты. Бұл – Мемлекет басшысының талабы, бұл – адамдардың талабы. Сондықтан, бұл жағдайда лицензиядан айыру ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке тартуыңыз қажет.
Городецкое ауылында ЖШС-тің жұмысшыларына арналған 6 үйдің құрылысы аяқталды. Ғауез Нұрмұхамбетов үйдің сапасын тексерді, жиһаздарды қарады. Әр үйдің ауласында қора-қопсы мен монша тұрғызылған.
АЛЕКСАНДР ЧЕРКАС, «Городецкое» ЖШС директоры:
– Барлығы дайын. Барлық жағдай жасалған. Тек жұмыс жасап, тұра берсең болды. Барлық үйлер аяқталып, барлық жабдықтар орнатылды, қажет болған жағдайда аралап, тексеріп шығыңыз.
Биыл аймақта болған су тасқыны қандай жұмыстар атқарылуы тиіс екенін нақты көрсетті. Шал ақын ауданында да су тасқынына қарсы жұмыстар қарқын алған. Ауданда су тасқыны қаупі бар 6 елді мекен орналасқан.
ҚАЙРАТ ОМАРОВ, Шал ақын ауданының әкімі:
– Бұл – Ақанбарақ ауылы. Ол жерге су Тимирязев ауданынан келеді. Мұнда құбырды орнату қажет болды, жұмыстар аяқталды. Сергеевка қаласы бойынша да жұмыстар 100 пайызға орындалды. Бүгінгі таңда Городецкое ауылы бойынша 2 км жер білігін нығайту қажет. «Городецкое» ЖШС бұл жұмыстарды жүргізді. 400 метр қалды, бұл жұмыстарды осы аптада аяқтаймыз.
Кейін аймақ басшысы учаскелік полиция пунктінің жұмысымен танысты. “Городецкое” ЖШС-ға барып, жиналған өнімнің сапасын тексерді. Кейін «Өркен» өнер мектебінің жұмысымен танысты. Бұл – облыс бойынша жалғыз тегін үйірмелер мектебі. Тәрбиеленушілер бірнеше дүркін конкурстың жеңімпаздары атанған. Облыс әкімі балалардың өнерін тамашалап та үлгерді.
Су тасқынынан кейін Сергеев су қоймасында алдын алу жұмыстарына мән беріліп, жоспарлар құрылған. Ағымдағы жөндеуге 83 млн теңге қаражат бөлінген.
ШҰҒАЙЫП ИБАТУЛИН, “Қазсушар” РМК СҚФ басшысы:
– Шайылған жерге таспен қоршап, үстіне бетонмен құямыз. Ал мына жерге төмен жаққа кетпес үшін, мынадай ростверг дейді или фундамент, соны түгел істейміз. Соның бәрін материалдарды келесі жұмада енгізіп, жоспар бойынша ноябрьге дейін бітіруіміз керек. Қаражат бөлінді. Қаражат – бәрі бар. Мердігер бар. -Кім? Қолынан келе ме? Істей ала ма? – Иә.
Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарының соңында Ы.Ыбыраев ауылына барып, Кеңес Одағы батырының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Кейін Шал ақын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Алдымен халық алдында аудан әкімі Қайрат Омаров есеп берді.
ҚАЙРАТ ОМАРОВ, Шал ақын ауданының әкімі:
– Ауданда 5 ауыл мен Сергеевка қаласы Есіл топтық су құбырына қосылған. Биыл жалпы ұзындығы – 66 км құбыр құрылысы жүргізілуде. 2024 жылы Мерген, Жалтыр және Крещенка ауылдарын қосумен 2 жобаны аяқтау жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 660 млн теңге.
Аудан әкімінің есебін тыңдаған тұрғындарда бірінен соң бірі сұрақтар туындады. Олардың бірі шабынды жерлерге қатысты болды.
– Енді ауылда тұрған соң мал ұстағымыз келеді. Шөп шаба алмаған соң артық ұстай алмаймыз. Бағатын жері бәрі бар, бірақ шабынды жоқ.
Мәселені тындаған Ғауез Нұрмұхамбетов аудан әкіміне тапсырма берді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Жұмыстарды бәрін қарап, көрсетіп, басқа енді Пресновка жаққа барып, Баян жаққа барып жұмыс істемейді ғой енді. Сол округтің жерін қарастырып, ойластырып көріңіздер не істеуге болатынын.
Сондай-ақ, тұрғындар су, пай, жер, денсаулық сақтау мәселесі мен жолға қатысты сұрақтарын қойды. Облыс әкімі барлық мәселені өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.