Мандат

Ләззат Жалмұқанова: Мен үшін депутат болу – халықтың жағдайын ойлау

Ләззат Жалмұқанова – белсенді депутаттардың бірі. Бір жарым жыл бұрын сайлау барысында үш үміткердің арасынан ең көп дауыс жинап, “Ақ жол” демократиялық партиясы атынан 18-ші округтің депутаты атанды. Бұл округке “Жас өркен” ықшам ауданындағы бірнеше көше қарайды. Ләззат Жұмағұлқызы “Депутаттың мақсаты – халықтың сенімін ақтау”,- дейді. Бұл іске халық қалаулысы асқан жауапкершілікпен қарайды. Жуырда партия атынан “Үздік депутат” медалімен марапатталды.