Денсаулық сақтау

ҚР-да дәрігер мен науқасқа тиімді заңнама жарық көреді

Қазан айының соңында елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру бойынша заңнама қабылданады. Дәрігерлерді құқықтық және қаржылай қолдауға бағытталған жаңашылдықты көпшілік күтті. Оның оң тұстары жетерлік. Мысалы, науқас тарапынан маман атына негізсіз шағым түсті делік. Мұндай жағдайда Тәуелсіз сараптамалық комиссия өзара ақылдасып, шара қабылдамайды. Ал егер емделушіге сапасыз көмек көрсетілсе, тұлға шотына ақша аударылады.

СЕРІКБОЛСЫН ТЕМІРХАНОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры:

– Егер зиян келгені анықталса, сақтандыру төлемі жасалады. Қазір кейбір арыз-шағымдар сотқа жетіп жатыр. Туындаған мәселелер медициналық ұйым қабырғасында шешілуі керек деп есептейміз.

Өгіз өлмеуі, ал арба сынбауы қажет. Жаңа заң осыны көздейді. Бұл ретте Тәуелсіз сараптамалық комиссияға артылған жүк ауыр. Арнайы топ әрбір тұсқа майшаммен қарауы керек.

СЕРІКБОЛСЫН ТЕМІРХАНОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры:

– Бұл комиссия құрамына дәрігерлер, сақтандыру компанияларының өкілдері кіреді. Олар өзара әрбір шағымды қарайды.

Төлем жайлы айтайық. Оның көлемі әртүрлі. Осы орайда денсаулыққа келтірілген зиянға байланысты ақша аударылатынын білген жөн.

СЕРІКБОЛСЫН ТЕМІРХАНОВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры:

– Төлемді мемлекет жасайды. Оның көлемі кодексте айқындалған. 3 000 АЕК дейін төлемдер көзделген. Қазанның 23 күні күшіне енеді.

Қазір министрлік өкілдері жер-жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Теріскейге табан тіреген ведомство мамандары біздің өңірге дейін Көкшетау қаласында болыпты.

 

Байболат Құлтанов