Қоғам

Петропавлда жер алу үшін 5600 адам өтінім берген

“Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқық сатып алу” бойынша қызмет алу жеңілдей түсті. Енді біршама қағаз жинап, түрлі ұйымның табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Енді тиісті құжаттарды “Геопортал” ақпараттық жүйесі арқылы алуға болады.

ДИНАРА ЖҰМАЖАН, қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы:

– Мемлекеттік қызметті алу үшін “Egov kz” электрондық үкімет порталына тіркелу қажет. Жердің уақытша пайдалану мерзімін, орналасқан аумағын көрсету керек. Онда бәрі өңделіп болған соң базаға енгізіледі. Өтініш берілгеннен кейін біз жоспарға сай қарайтын боламыз және мемлекеттік ұйымдарға жібереміз. Егер олар өтінішті қабылдаса, бірден тұрғындардың ұялы телефонына SMS-хабарлама жібереміз.

Жалпы, аталған қызмет тұрғындар арасында сұранысқа ие. Жыл басынан бері қала бойынша 5600 адам өтініш білдірген екен.

ДИНА АМРИНА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

– Департамент жұмысындағы басым бағыт халыққа және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамыз ету болып табылады. Біз мемлекеттік қызметтер саласында, оның ішінде шағымдар бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырамыз.

Айта кету керек, аталған қызмет түрін пайдалануға тұрғындар жұмыс күндері ғана өтінім тастай алады.

 

 

Нұрасыл Ахмет