Қаладағы 6637 әскери бөлімінде бүгін ерекше күн. Сағындырған қонақтар келді, яғни ата-ана, іні-қарындас, әпке дегендей. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген туған-туысқа арнап ашық есік күні ұйымдастырылған. Ел тыныштығын күзетіп жүрген жақынының жағдайын өз көзімен көруге келген жанның қарасы қалың. Қостанайлық Әйгерім Мараттың інісі желтоқсаннан бері осында.
Бауырын іздеп келген әпкесі інісімен сырласып, хал-жаңдайын білді.
ӘЙГЕРІМ МАРАТ, сарбаздың әпкесі, Қостанай қаласы:
– Бұл жерге екінші рет келіп тұрмын. Ант қабылдаған сәтте бір келген едім. Маған бауырымның қай жерде жататындығы, қандай тамақ ішетіні қызық.
ДОСАН КӨРКЕНОВ, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің бөлімше командирі:
– Ата-аналар бүкіл қалалардан келіп жатыр. Бүгін қару-жарақтарды, техникаларды, жататын жерлерін көрсетіп жатырмыз. Дәстүрлі түрде жылда өткізіп тұрамыз.
Қостанайдан ғана емес, Қарағанды, Көкшетау, Алматыдан келген жандар көп. Биыл әскери бөлімге әскери міндетін өтеуге 400-ге жуық сарбаз келген.
Мәдина Қаби