10 күн бұрын «Бірлікте» жаңа учаскелік полиция пункті ашылды. Учаскелік инспектор – Ерлан Ноғұрбеков.
– Профилактическую беседу проводим по факту интернет-мошенников. Слышали? – Ну да. – Мошенники представляются сотрудниками полиции, сотрудниками банка.
Ерлан Ноғұрбековтің мақсаты – халыққа жақын болу. “Сонда жұмыс өнімді болады”,- дейді. Полиция аға лейтенанты күн сайын көшелерді аралап, тұрғындармен жүздесіп, ұрлық, интернет-алаяқтық пен отбасылық жанжалдың алдын алу
бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді.
ЕРЛАН НОҒҰРБЕКОВ, №14 УПП учаскелік инспекторы:
– Отбасыммен бірге қызметтік үйде тұрып жатырмыз. Күн сайын күндіз және түнгі уақытта көшелерді патрульдейміз.
Жаңа ауданға, әзірге, 1700-ге жуық адам қоныстанған. Халық саны әлі де толығып жатыр, көшіп келіп жатқандар көп. Кейбіреуі жөндеу жұмысымен айналысып жатқандықтан, қараусыз қалған құрылыс материалдарының қолды болу жайттары тіркеліпті. 10 күннің ішінде осындай 2 ұрлық фактісі әшкереленген. Есепте тұрған азаматтар – ерекше бақылауда. Қазіргі уақытта «Бірлікте» ішімдікке аса жақын 15 адам бар екен, оның үшеуі бұрын сотталған, біреуі – есірткі пайдаланғаны үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған әйел.
Данаш Хамза