Құқық қорғау органдары

Наркограффитиді жоюға оқушылар да атсалысуда

“Есірткіге жол жоқ!”. Осындай ұранмен ұйымшыл жастар полиция қызметкерлеріне наркограффитидің көзін жоюға көмектесіп жатыр. 10 топтан тұратын күш бір сағаттың ішінде есірткі саудалайтын интернет-дүкеннің орналасқан жері көрсетілген 60-тан астам жазба өшірген. Бұл іс-шараға 200-ге жуық жоғары сынып оқушысы тартылған.

АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ, СҚО ПД бастығының орынбасары:

– Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі күні нашақорлық пен есірткі қылмысы үлкен әлеуметтік проблема. Республика Президенті өз Жолдауында қоғамды, азаматтық институттар мен барлық мемлекеттік органдарды нашақорлықтың алдын алу және жалпы есірткі қылмысына қарсы күрестің сапасын арттыру үшін атсалысуға шақырады.

Жалпы, жыл басынан бері облыста түрлі есірткі құқық бұзушылық жасаған 78 адам жауапкершілікке тартылыпты. Оның жартысынан астамы – 16 мен 25 жас аралығындағы жастар. Заңсыз айналымнан 750 келіден астам түрлі есірткі тәркіленген. Оның 5 келіден астамы – синтетикалық түрі.

 

Данаш Хамза