Ол үшін Қазақстанға атом стансасы қажет. Ел аузындағы мәселе облыстық мәслихат қабырғасында кезекті мәрте қаралды. Талқылаушылар – өңіріміздің аға буын өкілдері. Көргені, ойға түйгені мол үлкендер алдағы референдумға жауапты қарайды. Араларында Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар да бар. Олардың пікірінше, өткен мен бүгінгіні салыстыруға келмейді.
АХАТЖАН АРЫҚОВ, «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Жолдастарыммен ақылдастым. Бізге АЭС керек. Жаңа стансалар Чернобыль стансасына мүлдем ұқсамайды. Қазір бұрынғы технология қолданылмайды.
Алдыңғы қатардағы азамат-азаматшалар ұрпақтың бақытты ғұмыр кешкенін қалайды. Сол себепті, 6-шы қазанда таңдау жасағалы отыр. Оған дейін Ахатжан Арықов сынды ел ағалары халықпен, жастармен кездесулер өткізуді жөн көрген.
АХАТЖАН АРЫҚОВ, «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– 3-і күні колледж жастарымен кездесемін. Жастарға айтарым бар. Кейінгі буын жақсы оқуы керек. Қазақстанда атом саласына маман дайындайтын оқу орындары бар. Уран жеткілікті. Қазақстан алда жүруі керек.
Облыстық мәслихат қабырғасындағы кездесуде бірнеше адам сөз сөйледі. Олар алдағы референдум – ел бірлігін айғақтайтын шара десті.
Байболат Құлтанов