Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттелетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтылды.
ВЯЧЕСЛАВ ЛУКИНЫХ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:
– 2024 жылғы 1 сәуірден бастап реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар лицензиясынан айыруға немесе тоқтата тұруға жатады. Біліктілік талаптарына сәйкес келетін энергия беруші ұйымдар электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға міндетті. Бұл міндет 1 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында орындалуы тиіс.
Өзгерістер мен толықтырулар мұнымен аяқталмайды. Келесі жылы елімізде жеке ұйымдар жұмысын тоқтатады.
ВЯЧЕСЛАВ ЛУКИНЫХ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:
– Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын тұтынушыларды энергия беруші ұйымдарға береді. Бұл жұмыс 2024 жылғы желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізіледі. Алдағы 1 шілдеден бастап жылу энергиясын беру, бөлу және өткізу жөніндегі қызметтер біріктіріледі. Осылайша, электрмен жабдықтауды жеке жүзеге асыратын ұйымдар және жылумен жабдықтаушы ұйымдар болмайды.
Брифинг соңында журналистер бөлім басшысына сұрақтар қойды. Сауалдардың бірі тариф өсіміне қатысты болды. Спикердің сөзінше, дәл қазіргі таңда жауапты орган ешбір ұйымның өтінішін қарап жатқан жоқ.
Байболат Құлтанов