Білім

Семинар: Ауылдық мектептердің білім беру сапасын көтеру қажет

“Нысаналы мектеп” атауын алған білім ұясы онда білім беру сапасын арттыруды қажет етеді. Бұл тізімге өңірде 20 мектеп ілккен. Оның барлығы ауылды жерде орналасқан. Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде аталған санаттағы білім ұяларының әкімшілігіне арналып семинар ұйымдастырылды.

АҚМАРАЛ ЖАҚЫПОВА, облыстық әдістемелік орталығының әдіскері:

– Бүгін біз өзіміздің осы уақытқа дейін үйренген тәжірибелерімізді нысаналы мектептерге үйретеміз.

Мәселе өзекті. Ауылда білікті кадр жетіспейді, маман тапшы болғаннан ол баланың білім алуына кері әсер ететіндігі айтпаса да түсінікті. Екінші, интернеттің осалдығында. Ол мүлдем жоқ немесе бар болса да әлсіз. Бұл мұғалімдердің жиналысында ғана емес, одан да жоғары деңгейде қарастыратын мәселе. Ербол Жекенов – Булаев қаласындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің директоры. Мектепте 500-ге жуық бала оқиды, 30-ға жуық мұғалім жұмыс істейді. Кадр жеткілікті. Ербол Орынбасарұлының айтуынша ауылды жердегі ұстаздарды оқыту курстарына жиі жіберіп тұру керек.

ЕРБОЛ ЖЕКЕНОВ, М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің директоры:

– Біз заманауи жаңа тәсілдерді үйренуіміз керек. Қазіргі заманда оқытудың даму процестері қарқынды дамуда. Сондықтан да ауыл мектептері одан қалмауы керек. Жаңа сабақтың түрлерін, технологияны, IT саласындағы жобаларды үйреніп жатырмыз.

Насаналы мектеп мұғалімдеріне арналған семинар жиындар жалғасын табады. Ұстаздар қауымы ертең “Өрлеуге” барады. Онда сабақ барысында түрлі технологияны дұрыс қолдану тақырыбын талқыламақ.

 

Мәдина Қаби