Күз келді, күн суытты. Теріскей өңірінде қыс ерте келеді. Әдетте қазанның соңы мен қарашаның басында қар қылаң етеді.
Айналаны ақ ұлпа басып, ызғарлы жел соққанда жанға жылу сыйлайтын дүниелердің бірі – тон мен ішік әрі жайлы, жылы киінген адам ауырмайды. Ішіктің сапалысын қайдан алуға болады? Петропавлдан. Нақтырақ айтқанда, қазір қалада Ресейдің Пятигорск қаласында тігілген сыртқы киімдердің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мұнда самсап тұрған тон-ішіктер көздің жауын алады: өздері көп, әдемі, жылы, жұмсақ. Ал бағасы қалай деген сұрақ туындауы мүмкін. Жауап: баға әр түрлі. Сатып алушыға ыңғайлы болу үшін тауардың құнын бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Мынадай акция да бар: ескі, яғни киілген ішік әкелсеңіз, 100 мың теңгелік жеңілдік аласыз.
ЕЛЕНА НЕМЦУРОВА, консультант:
– Бәрін сатып жіберу шарасы қыркүйектің 25-і мен қазанның 15-і аралығында өтеді. Киім өлшемі 38-ден басталып 68-ге дейін жетеді. Ішік үлгілері кез келген жастағы нәзікжандыларға жараса кетеді. Түстері де әр түрлі: ақ, қара, сұр графит те бар. Күзен терісімен араластырылып тігілген мутон, таза күзеннен, қаракөл, австралиялық мериностан әзірленген түрлері де ілілуі тұр.
Талғамы жоғары деген қыз-келіншектерге де көңілден шығатын ішік табылады. Заманауи классика дейсіз бе, аса жылысы, жұқалау келгені, автоледи, трансформер дегендері де бар. Бүкілі адам қолымен тігілген. Адал еңбек сапасынан-ақ көрініп тұр дейді қала тұрғыны Меңсұлу Сердалина. Нәзікжанды ішік сатып алмақшы. Осы орайда арнайы акцияны пайдаланған тиімді дейді.
МЕҢСҰЛУ СЕРДАЛИНА, қала тұрғыны:
– Шуба жақсы, ұнады. Келіп қарауларыңызға болады екен. Мындағы ішіктер негізі жақсы.
Сондай-ақ, сатылымда ерлер мен әйелдердің бас киімдері де бар.
ЕЛЕНА НЕМЦУРОВА, консультант:
– С города Пятигорск норка и песцовые есть. Есть от цельного куска и вязанные.
Ішіктер жәрмеңкесі қаладағы Уәлиханов көшесі, 15а мекенжайы бойынша орналасқан нысанда өтіп жатыр. Жәрмеңке есігі таңғы 10.00-ден кешкі 19.00-ге дейін ашық.
Данаш Хамза