Биыл елдегі жетекші қаржы ұйымдарының біріне 30 жыл толады. Еуразиялық банк – мақсатқа жетудегі сенімді одақтас. Ол Қазақстанның ең ірі 10 ұйымның қатарына кіреді. Оның командасы әрбір клиентке жеке көзқараспен қарайды. Бұдан басқа, Еуразиялық банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жаңа технологияларды үнемі енгізіп отырады.
АБЫЛАЙ САУТОВ, «Еуразиялық банк» АҚ №14 филиалының директоры:
– Банкіміздің 30 жылдығына орай біз бүкіл Қазақстан бойынша бизнес-таңғы ас шарасын ұйымдастырдық. Біздің қала осы жобаның қатысушысына айналды. Биыл клиенттерімізге, қызметкерлерімізге және серіктестерімізге көптеген сыйлықтар береміз. Бүгін түрлі тақырыптарда 3 спикер сөз сөйлейді. Клиенттер өздеріне жаңа ақпарат алып, жақсы уақыт өткізеді.
Арнайы шақырылған сарапшы Максим Тарасов Ицхак Адизестің өмірлік теориялары туралы айтып берді.
МАКСИМ ТАРАСОВ, IT-консалтингтік компаниясының тең негізін қалаушы және бас директоры:
– Жеке өзімнің пікірім, бұл – бизнесті басқару, адамдарды түсіну бойынша ең қызықты және тиімді жұмыс құралдарының бірі. Біз жиырма жылдан бері банкпен түрлі бағытта байланысып келеміз. Бізде Еуразиялық банктің клиенттері болып табылатын адамдар көп. Сондықтан, бұл ұзақ әрі жемісті ынтымақтастық дегім келеді.
Өз кезегінде бизнес-психолог Дмитрий Агапов кәсіби стрессті төмендету бойынша қызықты әдістермен бөлісті. Бұл тәжірибе банк қызметкерлеріне үлкен пайда әкелуі мүмкін, деп есептейді сарапшы.
ДМИТРИЙ АГАПОВ, бизнес-психолог:
– Еуразиялық банкпен 5 жыл бұрын ынтымақтастық орнаттық. Психологиялық, кәсіби тәсілдерді қолға алдық. Басшылық өз қызметкерлеріне салмақты көзқараспен қарайды. Бұл мамандардың клиенттермен жұмыс сапасына міндетті түрде әсер етеді.
Банкпен қуанышты бөлісуге Ресейден халықаралық спикер Юрий Коссович те келді. Сарапшы сатуды басқару негіздері туралы айтып берді. Еуразиялық банкпен ол бірінші жыл жұмыс істеуде. Ісіне дән риза.
ЮРИЙ КОССОВИЧ, сатуды үйрету жөніндегі компанияның негізін қалаушы, РФ:
– Мен түрлі ұсыныстарды қызыға қарауға дайынмын. Мұнда керемет атмосфера, тамаша адамдар мен басшылар жиналған. Бұл жайт кез келген адамды қуантады. Әлі де еңбек етеміз, бір орында тұрып қалуға болмайды.
Қаржы директоры Дмитрий Мицуков Еуразиялық банкпен бұрыннан жұмыс істейді. Сөзінше, арадағы байланыс биік шыңдарды бағындыруға жетелеуде.
ДМИТРИЙ МИЦУКОВ, «Еуразиялық банк» АҚ №14 филиалының қаржы директоры:
– Шетелде болған кездегі оқиға есімде қалыпты. Сонда банктің карта бойынша қызмет көрсетуі өте жоғары деңгейде болды. Өзім қазір қаржы директоры қызметіндемін, аутсорсингте клиенттерімен жұмыс істеймін. Біз клиенттерге есеп беруді ретке келтіруге көмектесеміз, ал бұл өз кезегінде оларға қаржыландыруды жылдам рәсімдеуге және банкпен өзара іс-қимылды оңтайландыруға көмектеседі. Еуразиялық банк клиенттердің барлық сұраныстарына жылдам жауап береді. Бұны мақтана айта аламын.
Еуразиялық банк шағын және орта бизнесті белсенді қолдайды, арнайы қаржыландыру бағдарламалары мен консультациялар ұсынады. Ұйым өз клиенттерінің табысына сенеді және олардың дамуына көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
ЕЛЕНА ГУБЧЕНКО, «Avagro» ЖШС бас директорының орынбасары:
– Біз Еуразиялық банкпен 5 жылдан астам тығыз қарым-қатынастамыз. Бұған дейін басқа ірі банк қызмет көрсетті. Бір күні ол қаржыландыра алмады, сол кезде Еуразиялық банк қолдады, мұны өте бағалаймыз. Алда үлкен жобалар тұр.
Жыл соңына дейін Еуразиялық банк Қазақстанның ірі қалаларында осындай бизнес-таңғы ас шарасын өткізеді. Сондай-ақ, 30 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында қоғамдық маңызы бар, әлеуметтік және қайырымдылық акцияларға белсенді қатыспақ.
Байболат Құлтанов