Құқық қорғау органдары

СҚО-да төрт күнде 18 мас жүргізуші ұсталды

– Вы что-нибудь употребляли? – Да. – Употребляли, да? Много употребляли? – Бутылку. – Бутылку, да? Вы не отрицаете, да? – Нет.

Тәртіп сақшылары тоқтатқан мына мотоциклші ішіп алған. Күдік медициналық куәландыру арқылы расталды. Ер адамның басында шлемі де жоқ.

Мас күйде ұсталған Ғ.Мүсірепов ауданының 41 жастағы тұрғыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полицейлер өңірде «Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның аясында республикалық және облыстық маңыздағы жолдар, елді мекендер тексеріліп, бұл іске 140-тан астам автопатруль жұмылдырылған.

АЯГӨЗ ЕСМАҒАМБЕТОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:

– Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында барлығы жол жүрісі қағидаларының 1166 түрлі жолда жүре ережелерін бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде көлік құралын мас күйде көлік басқарудың 18 фактісі, жаяу жүргіншілерге қозғалыс барысында басымдылық бермеудің 33 фактісі, сондай-ақ, белбеу тағылмаған көлік құралын басқарудың 206 фактісі анықталды.

Еске сала кетейік, қаңтар айынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен облыста 15 жол-көлік оқиғасы болып, 21 адам зардап шеккен.

 

Данаш Хамза