Құқық қорғау органдары

Әділет министрлігі енгізген жаңашылдықтар

Биыл Әділет министрлігі бірқатар жаңашылдық енгізді. Соның бірі атқару өндірісіне қатысты. Бұрын тұлға құқық бұзса, айыппұлдан бөлек 10 пайыз көлемінде қызмет ақысын немесе санкциясын төледі. Яғни, қалтасынан қосымша ақша шығарды. Қазір тәртіп өзгерді. Бүгінде тек айыппұл өтеледі. Бірақ, мерзім сақталуы тиіс.

АЙДОС ТОҒЫЗБАЕВ, СҚО әділет департаментінің басшысы:

– Айыппұлды 1 айдың ішінде төлеу қажет. Бұл жерде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдалана аласыздар.

Осы орайда нотариус, қорғаушы немесе жеке сот орындаушысы атанғысы келетіндер құлақ түруы тиіс. Қазір лицензия алу жеңілдеді. Әділет департаменті басшысының сөзінше, талаптардың бірі алынды.

АЙДОС ТОҒЫЗБАЕВ, СҚО әділет департаментінің басшысы:

– Қазір нотариус, қорғаушы немесе жеке сот орындаушысы болғысы келетін адамдар тест қана тапсырады. Яғни, әңгімелесу алынып тасталды.

Әділет министрлігі бұл жаңашылдықтармен шектеліп қалмақ емес. Алдағы уақытта тағы өзгеріс орын алуы мүмкін. Олар жеке сот орындаушылары мен нотариустардың қызметіне қатысты болады деген болжам бар.

 

Байболат Құлтанов