Облыста күзгі жиым-терім жұмысы жалғасып жатыр! Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ұсынған тың дерекке сүйенсек, өңірде 2 млн 200 мың гектардағы дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналған. Шығымдылық көрсеткіші 17,6 центнерді құрайды. Ал бастырылған астық көлемі 3 млн 900 мың тоннаға жуықтайды. Былтырғы сандарға зер салсақ, өнімділіктің әлдеқайда аз екенін ұғынамыз. Астық қабылдау кәсiпорындары күн-түн демей жұмыс істеуде. Оларға бүгінге дейін 581,6 мың тонна алтын дән жеткізіліпті. Оның 396 мың тоннасы – бидай.
Байболат Құлтанов