“Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының дәстүрлі спартакиадасы аясында солтүстікқазақстандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері самбодан сынға түсті. Жарысқа барлығы – 12 дене шынықтыру ұжымы қатысты. Спартакиада қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан академиясының қызметкерлері мықты деп танылды. Жалпы есепте екінші орынды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, үшінші орынды шекара қызметі департаментінің қызметкерлері иеленді.
Данаш Хамза