Жылу трассалары, көпқабатты үйлердің жертөлелері мен базар маңы – қазір полицейлердің ерекше бақылауында. Өйткені, осы жерлерді үй-күйі жоқ жандар жиі паналайды. Тәртіп сақшылары оларды іздеп тауып, қабылдап-тарататын қосынға жеткізіп жатыр.
– Здесь никого нету. – Это вам кажется, что никого нету. Но люди-то здесь проживают, соседи проживают. Они жалуются. Здесь бардак устроили.
Қаңғыбас жандар қабылдап-таратқышқа олардың түр-тұлғасын анықтау мақсатында жеткізіліп жатыр. Өйткені, олар қылмыс жасап, жасырынып жүруі мүмкін, хабар-ошарсыз кеткендер мен іздеу жарияланғандардың тізімінде болуы ықтимал. Сондай-ақ, күн суытысымен Жұмысшы кентінде “Жылы үй” жұмысын бастайды. Тұрғылықты жері жоқ жандар аязда осы жерден пана табады. Аталған бағыттағы жұмысқа қыркүйектің ортасынан қолға алынған “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қарқын қосылды.
БОЛАТ БАЙМАҚАНОВ, қалалық ПБ қабылдап-таратқыштың бастығы:
– Күн сайын қабылдау-тарту орнының іріктеу тобы тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды Жұмысшы кентінде орналасқан түнеу орнына жеткізеді. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды кездестірген жағдайда қабылдау-тарату орнының кезекші бөліміне 52-92-99 телефон нөмірі арқылы немесе «102» нөміріне хабарласу қажет.