Балалар қорқытуға, кибербуллингке және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы. Осындай ұранмен өткен флешмобқа қаладағы №8 мектеп оқушылары қатысты. Шара “Жасөспірім” жедел-алдын алу акциясы аясында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оның барысында оқушылармен профилактикалық кездесулер өткізіліп, тәртіп сақшылары жеткіншектерге заң талаптарын, жауапкершілік жайында түсіндіреді. Бастысы, әр жасөспірім зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу қажеттігін білуі керек,-дейді ювеналды полицейлер.
ЖАНАТ МҰСТАФИНА, қалалық ПБ ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы:
– Ювеналды полиция қызметкерлері мектептерде жол қозғалысы ережелерін, буллинг, кибербуллинг, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтар тақырыптары бойынша дәрістер өткізеді. Оларға қандай да бір іс-әрекет үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын айтамыз.
Данаш Хамза