Sailau banner

Қоғам

Түйткілді сауалға – тұшымды жауап

Бүгін халықтық штаб мүшелері Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжіне барып, ондағы ұстаздармен және студенттермен кездесті. Білікті мамандар бейбіт атомның маңыздылығын түсіндіріп, 6-сы күні өтетін маңызды шараның өтуіне бір кісідей атсалысуларын сұрады. Кездесуге келген жандардың көпшілігі АЭС-ке қатысты толғандырған сұрақтарын қойды. Олардың көбін қауіпсіздік мәселесі алаңдатады.

ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, облыстық халықтық штаб мүшесі:

– АЭС-тің экологияға еш зияны жоқ. Қазіргі таңда тұрғындарға маңызды нысанның тиімді жақтарын айтудамыз.

Жиынға барлығы – 90-ға жуық адам қатысты. Басқосу тек түсіндірумен шектелген жоқ. Тыңдаушылар тарапынан түрлі сұрақ қойылды. Осы орайда білікті мамандар мәселеге жан-жақты талдау жүргізіп, тұшымды жауап берді.

ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, облыстық халықтық штаб мүшесі:

– Тұрғындар көбінесе қауіпсіздік және жемқорлық жайында сұрайды. Айта кетейін, маңызды нысан салынса, құрылыс барысын әлемдік ұйымдар бақылайтын болады.

Облыстық халықтық штаб құрамында барлығы – 86 адам бар. Білікті мамандар қалада ғана емес, аудандарға да барып түсіндіру шараларын өткізеді.

 

Нұрасыл Ахмет