Sailau banner

Қоғам

Петропавлда заңның ала жібін аттаған жамбылдық жігіт ұсталды

Вы имеете право хранить молчание, всё, что вами сказано, может быть использовано против вас в суде. Вам понятно? – Так точно. – Подозреваетесь в незаконном обороте наркотических средств, психотропных веществ. Понятно, да? – Так точно.

Жергілікті тұрғынның көмегімен құқық бұзушы қармаққа түсті. Петропавлдық іскер жан полицияға хабарласып, оның дүкенінің сыртында белгісіз адам жүргенін айтқан. Әлгінің қолында бояу шашатын балон болыпты. Анықтала келе, қас қарайғанда самокатпен қала аралаған жігіт есірткі сатылатын интернет дүкеннің атауын қабырғаға жазған. Өзі көп ұзамай ұсталды. Күдікті – Жамбыл облысының 22 жастағы тұрғыны. Тергеу кезінде оның өңірге жақында ғана келгені және ондаған граффити қалдырғаны анықталды.

АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ, СҚО ПД бастығының орынбасары:

– Ұсталған адам 50-ден астам граффити жазба қалдырған. Оларды полиция қызметкерлері еріктілермен бірге жойды. Оның әрекеті ҚР ҚК бойынша сараланады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Біреулер жазады, екіншілер өшіреді. Жақында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірге кезекті акция өткізді. Оның барысында жерлестеріміз жер-жерде жазылған теріс сан түрлі интернет-дүкеннің атауын өшірген.

НАРИМАН ТОҚСАНБАЕВ, волонтёр:

– Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, осындай акцияларға үнемі шығып тұрамыз. Есірткі жарнамасын үстінен бояп өшіреміз. Жұмысшы кентінде өткен акция шеңберінде 50-ден астам граффитиді жойдық. 

Полицейлер тұрғындарды петропавлдық кәсіпкер сынды белсенді болуға шақырады. Жолданған әр дерек пайдалы болуы мүмкін. Қоса кетейік, егер көшеде немесе үй ауласында күмәнді адамды байқасаңыздар 8 (7152) 39-41-93 немесе “102” арнасы арқылы шенділерге хабарлауға болады.

 

Мәдина Қаби