Sailau banner

Қоғам

Ақпараттық-түсіндіру тобының өткізген кезекті шарасы

Кезекті түсіндіру шарасы. Бүгін халықтық штаб өкілдері “Изолит” ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Жиында ақпараттық үгіт-насихат жүргізетін топ мүшелері АЭС салудың артықшылықтары мен беретін мүмкіндіктері және экономикаға ықпалы жайында мағлұматпен бөлісті. Сондай-ақ, білікті мамандар маңызды нысан инфрақұрылымды дамытуға әсер ететінін жеткізді. Станцияны салу энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтудағы басты қажеттілік болмақ. Басқосуға барлығы – 10-ға жуық адам қатысты. Штаб өкілдері олардың барлығын 6-сы күні өтетін референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

АЛЕКСАНДР БЕБЕШКО, “Изолит” ЖШС директоры:

– Көршілес елдердің барлығында АЭС бар. Елімізде электр энергиясы тапшы. Көмір, газ, отынның да бағасы шарықтап тұр. Осылардың барлығын шешу үшін аталған маңызды нысанды салуымыз қажет. Бір жағынан алып қарасақ, біз осы арқылы өнеркәсіпті де дамытамыз. Біраз ақшаны үнемдейміз. Себебі, жарықты шет мемлекеттерден қыруар қаржыға сатып алудамыз.

 

Нұрасыл Ахмет