Sailau banner

Ауыл шаруашылығы

Мамлют ауданында орақ науқаны қызу жүріп жатыр

Мамлют ауданында орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Аймақтағы егін алқабының көлемі 181 мың гектарды құрайды. Оның 70 пайызы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі. Диқандар қолайлы ауа райын пайдаланып аянбай тер төгуде. Еңбекқорлар барлық істің 30 пайызын аяқтапты. Аграршылар маңызды науқанға тамыздың 6-сы күні кіріскен. Орташа шығымдылық 18,5 гектарды құрайды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда әлдеқайда жоғары. Өлкеде 57,5 мың гектар аумақта орылған дән қамбаға жеткізілген. Тағы айта кететін жайт, ауданда мал азығы молынан дайындалуда. Бүгінгі күнге дейін 60 мың тонна шөп шабылыпты. Мамлюттік егіншілер орақ науқанын қазан айының басында аяқтауды жоспарлап отыр.