Sailau banner

Қазақстан жаңалықтары

ҚР Энергетика министрлігі 2030 жылға қарай Қазақстанда сұйытылған мұнай газының тапшылығы мәселесін жабуды жоспарлап отыр

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлімдеді.

“Біз Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында сұйытылған мұнай газын өндіруді іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қашағанның көлемі жылына 800 мың тонна болады, Қарашығанақтан – жылына 600-700 мың тонна. Менің ойымша, тапшылықты 2030 жылға қарай жабамыз”, – деді Әлібек Жамауов.