Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Әке-шешесі ішімдікке салынған екі бала арнайы орталыққа жеткізілді

Кеше кешке бір топ маман қалалық полиция басқармасының алдына жиылды. Олар: тәртіп сақшылары, прокурорлар, білім бөлімінің мамандары мен волонтерлер. Бір топ маман «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткен түнгі рейдке қатысты.

НҰРГҮЛ ӘБДІЛМАНОВА, қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы:

– Кәмелетке толмағандар және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың сауаттылығына қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу – мақсаты болып табылады.

Жедел-профилактикалық іс-шараға қатысушылардың басты назарында – тұрмысы нашар отбасылар мен полицияда есепте тұрған жасөспірімдер.

ЕЛЕНА ЗАВЬЯЛОВА, қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия хатшысы:

– Кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленіп жатқан отбасылардың тұрмыстық жағдайына, ата-аналардың тәртібіне назар аударамыз. Олармен алдын алу сипатындағы әңгіме жүргіземіз, қажет болған жағдайда ювеналдық полициямен бірлесіп әкімшілік шаралар қабылданатын болады. Егер жағдайлары түзелмесе, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиямен жүздесуге шақырамыз.

Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнде көшеде заңды өкілсіз жүруіне қатысты 4-еу және ата-аналық міндетті орындамаудың 2 фактісі анықталды. Бір отбасының салақтығы соншалық шыбын-шіркей мен тарақаннан көз ашпайтын көрінеді.

– Мухи у вас летают, тараканы – вот, пожалуйста, дети у вас маленькие.

Ал басқа үйге кірген мамандар ерлі-зайыпты мен қонақ әйелдің ішімдік ішіп отырған үстінен түседі. Үйдегі есік атаулының бәрі ашық жатыр.

– Сейчас направляемся на мед.освидетельствование в центр психического здоровья. Одевайтесь, документы, пожалуйста.

Ересектер медициналық куәландыруға жеткізілгендіктен, 14 жастағы ұл мен 9 жастағы қыз кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Әке-шешесіне тәртіптеріне қатысты бірнеше рет ескерту жасалған. Енді олардың ісі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысында қаралмақ.

 

Данаш Хамза