Sailau banner

Қоғам

Аға буын өкілдері АЭС құрылысына тоқталды

Өткен күндер әлі ұмытылған жоқ. Арамыздағы үлкендер жарықсыз үйлерді, далада от жағылған күндерді естен шығармапты. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин қиын-қыстау шақты жастармен кездесу барысында айтып берді. 90-шы жылдардың басында елімізде жөнді электр энергиясы болманы мәлім. “Мұндай проблема болашақта қайталанбас үшін АЭС салу қажет”, – деп санайды ел ағасы.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– 2023 жылы Беларусь елінде 2 атом реакторы іске қосылды. Бүгінде соның пайдасын көріп отыр. Біз өнеге алуымыз керек. Жеріміз бай, соны ұрпақ үшін пайдалану керек.

Жастармен кездесуде біраз дүние айтылды. Спикерлер атом электр стансасының пайдасы жайлы, қоршаған ортағы зияны жоқтығы туралы кеңінен әңгімеледі.

БЕЙБІТ ӘБІЛОВ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Қазір заманауи АЭС-тер салынады. Оларды қауіпсіз деп ойлаймын әрі электр қуатының құны арзандайды.

Өмірде көргендері, ойға түйгендері мол ел ағалары жұртшылықпен кездесуді жалғастырмақ. Олар референдумға барлығы келгенін қалайды.

 

Байболат Құлтанов