Sailau banner

Қоғам

Петропавлда 5 мың адамға ақпараттық материал таратылды

Тарихи референдумда әр адам таңба қалдыруы тиіс! Тура 18 күннен кейін өтетін жалпыхалықтық дауыс беруге қатысты үгіт-насихат жұмысы Солтүстік Қазақстан облысында қызу жүргізіліп жатыр. Атом электр стансасын салу жөніндегі өңірлік халықтық штабтың жас мүшелері тұрғындар көп жүретін жерлерге және орталықтарға баруда. Олардың қолында жаднама қағаз бар. Онда “АЭС бізге не үшін керек? Несімен қауіпсіз және не береді?” деген сауалдарға жауап табылады. Біле жүрген маңызды, 1 келі ядролық отынды жағу 2 вагон көмір жаққанмен тең екен. Сонымен қатар, заманауи станса жылына 100 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалынды жастар маңызды жұмысты әрмен қарай жалғасырмақ.

ДАРИҒА СМАИЛОВА, АЭС салу жөніндегі өңірлік халықтық штабтың мүшесі:

– Петропавл қаласының тұрғындарына үгіттік материал таратып жатырмыз. Онда АЭС жайлы толық ақпарат бар. Бүгінгі күнге дейін 5 мың адамға жаднама қағаз таратылды. Жұмысымызды 4 қазанға дейін жалғастырамыз.

 

Байболат Құлтанов