Sailau banner

Ауыл шаруашылығы

Орақ барысы

Аққайыңдар өлкесінде орақ науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы өкілдері ұсынған мәліметке сүйенсек, солтүстікқазақстандық диқандар қазіргі қолайлы ауа-райын пайдаланып, күн-түн демей аянбай еңбек етіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 1 млн 388 мың гектардағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналыпты. Бұл көрсеткіш аталған өнімдерге бөлінген жалпы жердің 30 пайызына жуықтайды. Орташа шығымдылық 17,1 центнерді құрап отыр. Көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда әлдеқайда көп. Айта кету керек, облысымызда 332 астық қабылдау пункті бар. Олардың сыйымдылығы – 6,9 млн тонна. Қазіргі таңда элеваторларға 366,5 мың тонна дән жеткізілген. Теріскейлік шаруалар қолайлы ауа райы сақталса, барлық істі қазан айының басында аяқтауды жоспарлап отыр.