Sailau banner

Құқық қорғау органдары

СҚО-да әр бесінші жол апаты трассада тіркеледі – мамандар

ҚР Ішкі істер министрлігі жүргізген талдауға сәйкес, орташа есеппен алғанда әр төртінші жол-көлік оқиғасы түнгі уақытта болады екен. Бұл уақытта жол дұрыс көрінбей, жүргізушілердің шаршаңқылығы артады. Апаттылықты төмендету үшін полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері облыста «Түнгі жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

Сергей Шельников, жүргізуші:

– 33 жылдан бері көлік жүргізіп келемін. Қазір «Гранит-солтүстік» ЖШС-де жұмыс істеймін. Жол жасаймыз. Қазір сіздің қан қысымыңыз өлшенді, ме? – Иә, денсаулығым жақсы, мен шағымданбаймын.

Қараңғы түссе де трассада көлік толастамайды. Жүк тасыған фуралар мен астық тасымалдаған камаздар да көп. Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерімен профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізіп, жаднамалар таратты, шаршаңқылық деңгейін анықтау үшін медициналық тексеруден өтуді ұсынды.

Сабыржан Оспанов, СҚО ПД ППБ командирінің орынбасары:

– Жүргізушілердің денсаулық жағдайы, көлік құралдарының техникалық жағдайы, медициналық қобдишаның болуы тексерілді. Қажет болған жағдайда жақын маңдағы кемпингке немесе тұрақта демалу ұсынылды.

Облыста әр бесінші жол-көлік апаты республикалық маңыздағы жолда тіркеледі. Жыл басынан бері мұндай 59 оқиға болған, 17 адам көз жұмып, 113 адам жарақат алған.

 

Данаш Хамза