Спорт

Хоккей маусымы басталды: «Qulager» мен «Almaty» кездесті

Сенбі күні А.Винокуров спорт сарайында «Qulager» мен «Almaty» командалары сайысқа түсті. Бастапқы минуттан ойын тартысты өтіп жатыр. Екі команда да осал емес, ойыншылар жылдам қимылдап, бір-біріне шабуыл жасау үстінде. 1-ші периодтың 2-ші минутында көптен күткен гол соғылды. Есепті құлагерлік Артем Ананичев ашты.

Маусымашар бәсекені тамашалап отырған жанкүйерлердің қарасы қалың. Көбі «Qulager»-ді қолдап келіп отыр.

– Қазіргі ойын тартысты өтіп жатыр. «Qulager» командасы бірінші болып есепті ашты.

– Сүйікті командам – «Qulager», соларға жанкүйер болып келіп отырмын.

– Мен өзіміздің құлагерліктерге қолдау көрсету үшін келіп отырмын. Олар – біздің облыстың беткеұстар командасы. Ойынға достарыммен бірге келдім.

«Qulager» жаңа маусымға тең жартысы жаңарған құраммен аяқ басып отыр. Дені жастар екен.

ИГОРЬ ШЕРСТОВ, «Qulager» ХК директоры:

– Биыл клуб басшылығы да, жаттықтырушылары да ауысты. Осы өтіп жатқан ел чемпионатына шілде айынан бастап дайындалдық. Алдымызда Азия ойындары тұр, соған дайындалу керек. Сондай-ақ, аймақтық чемпионат өтеді, онда біздің команда 40 матч ойнайды. 20-сы осы жерде, қалғаны өзге өңірлерде өтеді. Аймақтық чемпионат ақпан айына дейін жалғасады.

Сонымен, «Qulager» мен «Almaty» кездесуінің қорытындысы мынадай: бірінші күні солтүстікқазақстандықтар 3:2 есебімен жеңіліп қалса, қарымта кездесуде 6:3 есебімен алматылықтарды ойсырата жеңді.

 

Мәдина Қаби