Sailau banner

Қоғам

“Таза Қазақстан”: М.Жұмабаев ауданында тоннадан астам қоқыс жиналды

“Таза Қазақстан” шарасы күз келсе де үзілген жоқ. Жалпыреспубликалық экологиялық акция аясында М.Жұмабаев ауданында кезекті бейсенбілік өтті. Жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен волонтерлер бірлесіп, Булаев қаласының іші-сыртын тазалады. Белсенді жандар тоннадан астам қоқыс жинаған. Жалпы, “Таза Қазақстан” аясында өткен шараларға 2,5 мыңнан астам адам қатысып, 3 тоннадан астам қоқыс шығарған.

 

Данаш Хамза