Sailau banner

Ауыл шаруашылығы

Ташкентка ауылында 20 адам жұмыспен қамтылатын нысан салынуда

Агроөнеркәсіпті кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба бар. Өңіріміз ауыл шаруашылығы саласындағы еліміздегі бетке ұстар аймақтардың бірі екенін ескерсек, облысымызға ерекше көңіл бөлінеді деп айта аламыз. Мәселен, жоба аясында Қызылжар ауданында 6 нысан салынуда. Соның бірі – Ташкентка ауылында орналасқан “Крестьянский двор” ЖШС-іне кіретін сүт-тауарлы фермасы.

СЕРГЕЙ САВЧЕНКО, “Крестьянский двор” ЖШС директорының орынбасары:

– Құрылысқа 25 адам мен 6 техника тартылған. “Солтүстік” ӘКК-нан 1 млрд теңге алдық. Қаржыға 400 бас симментал тұқымды сиыр әкелеміз. Фермада 20 адам жұмыспен қамтылалы. Бұл көмек біздің ары қарай дамуымызға зор ықпалын тигізеді. Ауыл шаруашылығы саласында жүргеніме 7 жыл болды. Жыл сайын аз пайызбен мемлекеттен ақша алып отырамын. Үкіметке алғысым шексіз.

Мұнда жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Жауапты мердігер компания іске маусым айында кіріскен. Қазіргі таңда нысанның іргетасы қалануда. Бір ерекшелігі, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнда алынған өнім бірден өңделетін болады. Аумақта аянбай еңбек етіп жатқан жұмысшы Сәбит Мәдиевтің сөзінше, ауа райының қолайсыздығынан жұмыс біршама кешеуілдеп қалған.

СӘБИТ МӘДИЕВ, жұмысшы:

– Жалақымыз тұрақты, барлық жағдай жасалған. 0:33-0:41 Келісім бойынша 2025-ші жылдың соңына дейін осында жұмыс істейтін боламыз.

Аталған жоба арқылы тек ауыл шаруашылығы дамып қана қоймай, адамдар да жұмыспен қамтылады. Тиісінше, елді мекендердегі тұрғындардың саны азаймай, өздерінің тұрып жатқан жерлерінде жұмыс істейтін болады.

ТЕМІРЛАН ҚАБИ, Қызылжар ауданы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің басшысы:

– 6 нысанға 5,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Барлығы қолданысқа берілгеннен кейін 50 адамды жұмыспен қамтитын болады.

“Крестьянский двор” мал және егін шаруашылығымен айналысады. Биылғы жылы 1100 гектар аумаққа дән сіңіріпті.

 

Нұрасыл Ахмет