Sailau banner

Қоғам

Александр Казанцев: Көмірмен көпке бармаймыз

Александр Казанцев – табиғи монополиялар саласындағы тариф жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі. Петропавлдықтарға белгілі азамат бұл саланың бүге-шүгесін жақсы біледі. Талай жыл атом энергетикасы жайлы да зерттеген. Облыстық көпбейінді аурухана мамандарының алдында сөз сөйлеген жерлесіміздің айтуынша, көмірмен көпке бармаймыз. Күндердің күнінде электр энергиясын басқа да жолдармен өндіру қажет болады. Сонда сан соқпағанымыз абзал.

АЛЕКСАНДР КАЗАНЦЕВ, АЭС салу жөніндегі өңірлік халықтық штабтың мүшесі:

– Энергетика саласының жағдайы жақсы дей алмаймын. Қолданыстағы стансалар тозған. Сонымен қатар, қазір олар электр энергиясына қажетті экономикалық сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр. Бүгінде 1500 мегаватт шамасында тәуліктік тапшылық бар. Ол күннен күнге өсіп те жатыр. Сондықтан, бұл мәселені жедел шешу қажет. Осы орайда мемлекет басшысы атом электр стансасын халықтың келісімі бойынша салуды ұсынды. Бұған бұқара жауапкершілікпен қарап, референдумда таңдау жасауы керек.

Атом электр стансасын салу жөніндегі өңірлік халықтық штабтың мүшесі Александр Казанцев түсіндіру шарасын жалғастырмақ. Ол алдағы уақытта өзге де ұйымдардың ұжымдарымен кездесіп, маңызды мәселені талқыламақ.

 

Байболат Құлтанов