Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Аризона университетінің делегациясымен кездесті

Кездесу барысында облыс әкімі делегация мүшелеріне студенттерге сапалы білім беру мәселесі және қос дипломды бағдарламаның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту және білім беру сапасын жоғарылату жайлы да сөз қозғады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының:

– СҚО-ға қош келдіңіздер. 4 жыл бойы сіздермен тығыз жұмыс істеп, үлкен мақсатты жүзеге асыру барысында келе жатырмыз. Бұл мақсат – халықаралық стандарттағы сапалы білім беру қамтамасыз ету. Қазіргі таңда қос диплом және бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша 1 мыңға жуық студент білім алуда.

Қозыбаев университетінің базасында жұмыс істейтін Аризона университетінің филиалы биылғы жылы студенттердің үшінші легін қарсы алды. Осыған байланысты облыс орталығына шетелдік оқу орнының келген өкілдері жұмыс сапарының мақсаты жайлы айтты.

ДЖЕННИ ЛИ, Аризона университетінің вице-президенті:

– Бүгін біздің сапарымыздың мақсаты – Қозыбаев университетіне қос диплом бағдарламасына түскен студенттердің 3-ші тобын қарсы алу. Кеше мен студенттермен кездестім, олардың болашаққа жігерін байқадым. Әрине, біз қазір білім және ғылым саласындағы нәтижелі ынтымақтастығымыздың 4 жылдығы туралы айтып отырмыз. Алдағы уақытта ынтымақтастығымызды тек күшейтеміз деп ойлаймын.

Сондай-ақ, кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келді. Министр шетелдік өкілдермен кездесіп, алдағы жоспарларды талқылап, бірқатар мәселелердің басын ашты. Министр Аризона университетінің филиалы ашылған сәттен бастап академиялық жылдың басында Қозыбаев университетіне жыл сайын келетінін атап өтті.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

– Басты міндет – біздің аймақтық және мемлекеттік университеттерімізді шетелдік әріптестеріміздің көмегімен халықаралық зерттеу университеттеріне айналдыру. Сондықтан, олар профильді түрде, яғни университет профилі бойынша таңдалды. Біз осы зерттеу компонентін күшейте алатын серіктес іздедік. Сіздермен серіктестік нығая түсетініне сенемін.

Сондай-ақ, кездесу барысында Саясат Нұрбек егер бұрын біздің студенттер шетелге, атап айтқанда Ресейге ұмтылған болса, енді қос диплом бағдарламасы аясында Қозыбаев университетіне келетінін атап өтті. Түлектер тек Қазақстанның басқа қалаларынан ғана емес, сондай-ақ, басқа елдерден де келеді дейді.

 

Данаш Хамза