Sailau banner

Қоғам

Ескендір Елеусізов: Маңызды нысан салынса, қауіпсіздік жайында уайымдаудың еш қажеті жоқ

Мемлекет басшысы биылғы халыққа Жолдауында Қазақстанға атом электр станциясы қажет екенін айтқан болатын. Көмір дәуірі біртіндеп келмеске кетіп бара жатқан заманда жаңғыртылатын энергияға қоса, біз сенімді базалық қуат көзін ойластыруымыз қажет. Елімізде 2035-ші жылға қарай жарық көзінің тапшылығы пайда болады. Әлемдік тәжірибе сүйенсек, мұның ең оңтайлы шешімі- бейбіт атом. Бірақ, бұл – күрделі мәселе. Бүгін халықтық штабтың мүшелері облыстық перинаталдық орталық қызметкерлерімен кездесу өткізді.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, облыстық халықтық штабтың мүшесі:

– 20 млрд кВт энергияны сырттан алады екенбіз. Еліміздегі көп нысан кеңес үкіметі заманында салынған. Сондықтан, бізге жаңашылдық керек.

Тісқаққан мамандар ақ халатты абзал жандарға АЭС-сы жайлы айтып, 6-сы күні өтетін маңызды шараға бір кісідей атсалысуын сұрады. Тиісінше, орталық қызметкерлері көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Дені қауіпсіздік жайында. Себебі, көбін халықтың денсаулығы алаңдатады. Бірақ, ел ағасы Ескендір Елеусізовтің айтуынша, маңызды нысан бірнеше бақылаудан өтеді және 98 пайыз қауіпсіз болады.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, облыстық халықтық штабтың мүшесі:

– Қауіпсіздік жағы жайлы уайымдаудың еш қажеті жоқ. Себебі, маңызды нысан салынатын болса, 3-ші буындағы электр энергиясы болады.

Басқосуға барлығы – 40-қа жуық адам қатысты.

 

Нұрасыл Ахмет