Sailau banner

Денсаулық сақтау

3-ші емханада емделушілерді қолдау орталығы жұмыс істейді

Әр емдеу мекемесінде пациенттерді қолдау қызметі бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Егер адамдарда тар бейінді маманға жазылу, кезекке тұру және дәрі-дәрмек алу сияқты мәселелер туындап жатса, ондай сұрақтарды ешқайда жүгінбей, дәл аурухананың ішінде шешуге болады. №3 қалалық емханада да көмек беру оң жолға қойылған.

АРМАН БАШЫРОВ, №3 қалалық емхананың педиатры:

– Қолдау қызметінде жұмыс істеп жатқаныма бір айдан асты. Бізге адамдар түрлі сұрақтармен хабарласады. Олардың дені қажет дәрігерге жолыға алмай жүреді. Себебі, мекемеде кейбір мамандар жеткіліксіз, сондықтан олар үлгермей жатады. Сонымен қатар, дәрігерлер толықтай ем-дом жасамады, жеткіліксіз деп шағымданады. Біз осындай өтініштерді қабылдап, барлығын шешуге тырысатын боламыз.

Аталған мекемеде қолдау қызметінің жұмыс істеп келе жатқанына 2 жыл болды. Білікті мамандардың сөзінше, күніне 5 адам қоңырау шалады екен. Қызметкерлер әрқашан пациенттерге бар білгендерін айтып, қажетті көмек көрсетуге әзір.

Қолдау қызметінде 3 білікті маман жұмыс істейді. Ал емхананың өзінде 90-ға жуық ақ халатты қызмет етеді.

 

Мәдина Қаби