Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Өңірге ІІМ орынбасары Айдар Сайтбеков келді

Өңірге Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков жұмыс сапарымен келді. Ол бірқатар бөліністердің қызмет атқару жағдайын және техникалық жарақтандырылуын тексерді. Танысу барысында азаматтардың құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау жөніндегі міндеттерді орындау үшін материалдық-техникалық базаны нығайту қажеттігін атап өтті.

– Мына жерде навигаторлар жұмысты қадағалап отырады. Бізде бейнежетондар бар. 2 жыл бұрын келісімшартқа отырдық. Бүкіл патрульдік полицейлер, учаскелік полиция инспекторлары қолданып келеді. Аудио, бейнежазба бар. Олар екі ай сақталады. 

Министрдің орынбасары жұмыс сапары барысында Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болған Ерік Оспановтың жесірі Аягөз Оспановаға барып қайтты. Сонау 2006 жылы жолдың қарсы бөлігіне шыққан мас жүргізуші маманның автокөлігіне соғылып, апат салдарынан полиция қызметкері қаза тапқан еді. Ұлы Петропавл қалалық полиция басқармасында тергеуші болып қызмет атқарады. Бұған дейін баспанасыз жүрген жерлестерімізге жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен алынған бір бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

– Бүгін әкімшіліктің қолдауымен пәтер алып жатырсыздар. Сондықтан құттықтағым келеді. Ұлыңыз – тергеуші. Әкесінің жолын қуып жатыр. Көптеген үлкен нәтижелерге жетеді деп ойлаймын.