Sailau banner

Ауыл шаруашылығы

Өңірге астықты кептіру үшін дизель отыны мен сұйытылған газ бөлінді

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының аграршыларының өтінімдері бойынша астықты кептіру агрегаттары үшін 67,7 мың тонна көлемінде қосымша арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бұл туралы энергетика министрлігінің өкілдері Үкіметте өткен күзгі дала жұмыстары мәселелері жөніндегі жедел штаб отырысында мәлімдеді Сұйытылған газ сұйық отынмен жұмыс істейтін кептіргіштер көп орналасқан Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына таратылды. Сұйытылған газды жеңілдетілген бағамен бөлу мәселесі өзекті болып отыр. Астық егетін алты өңірдің бүкіл орақ науқанында кептіргіштерге барлығы – 21,5 мың тонна сұйық отын қажет болса, қыркүйек-қазанға 5 мың тоннасы бөлінген. Осы ретте өндіруші тарапынан сұйытылған газдың коммерциялық бағасын арзандату мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар, ішкі нарықта сұйытылған газға деген жоғары сұранысты ескере отырып, өңірлерге кептіру агрегаттарының екі түрімен жұмыс істеу, соның ішінде дизельді таңдау ұсынылды.
Жедел штабта «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев егін жинау кезеңінде астық кептіргіштерді жылдық 9%-бен сатып алуға кредит беру үшін қаржы құралы әзірленгенін хабарлады. Фермерлерден 260 млн теңге сомаға 6 өтінім келіп түскен. Айта кету керек, ауыл шаруашылығы техникасының осы түрі құнының 30%-ын мемлекет субсидиялайды.

 

Данаш Хамза