Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Көшелерге тағы “ақылды камералар” орнатылды

Петропавлда және облыс жолдарында “ақылды камералар” іске қосылды. Көлік қозғалысы тығыз жерлерге тағы 24 құрылғы орнатылған. “Жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейтін жабдықтар апаттылықты азайтуда тиімділігін көрсетті”,- дейді мамандар.

СЕРІК ӘЛЖАНОВ, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– Аталған кешендер жол апаттарын, яғни адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғаларының санын азайтуда оң нәтиже көрсетті. Осы ретте статистика 30 пайызға азайды әрі жүргізушілердің жүріс-тұрысы тәртіпке келгенін байқауға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін осындай 30 құрал жұмыс істеді. Өңірдегі “ақылды камералардың” саны енді 50-ден асты. «Кордон.Про»М мобильдік кешендері жылдамдық асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, жол белгілерінің талабын сақтамау фактілерін тіркейді.

 

Данаш Хамза