Sailau banner

Қоғам

Халықтық штаб өкілдері күніне 10-ға жуық ұйымға барады

Референдум бойынша халықтық штаб кезекті үгіт-насихат шарасын өткізді. Кеше белсенділер Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерімен кездесті. Штаб мүшелері күніне 10-ға жуық ұйымға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Олардың сөзінше, атом энергетикасы өнеркәсіп пен ел экономикасының дамуына елеулі ықпал етеді. Қазақстанда уран өнімдерін өндіру саласында мол мүмкіндік бар. Елімізге тұрақты базалық генерация және таза энергияның көзі керек дейді мамандар. Осы ретте маңызды нысан салынса, тұтынушыларды арзан әрі экологиялық электр энергиясымен қамтитын болады. Басқосуға барлығы – 20-ға жуық адам қатысты. Олар білікті мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Сауалдардың дені қауіпсіздік жайында.

ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, облыстық халықтық штабтың мүшесі:

– Дамыған ел – Францияда 55 АЭС бар. Жарты Еуропаны энергияны қамтамасыз етіп отыр десек, артық айтқанымыз емес.

 

Нұрасыл Ахмет