Экономика және қаржы

“Қарызсыз қоғам” жобасы жалғасуда

Жуырда жоба аясында Қазпошта қызметкерлері оқытудан өтіпті. Жоспар бойынша биыл 4 жарым мың солтүстікқазақстандық қаржылық сауатын арттырады. Аталған жоба облыс орталығында ғана емес, аудандарда да қолға алынған. Мақсат – борышкерлердің санын азайту мен халықтың қарыздық жүктемесін жеңілдету. Оқу курстарын қаржылық сауаттылық жөніндегі сарапшы жүргізеді. “Қарызсыз қоғам” жобасы желтоқсан айына дейін жалғасады. Өткен жылы өңірде жоба аясында 4 мыңнан астам адам оқу курсынан өтті.

 

Данаш Хамза