Sailau banner

Спорт

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: ел құрамасы жалпыкомандалық есепте – 1-ші орында

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының 3-ші жарыс күнінің сағат 16:00-тегі қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы басқаларынан оқ бойы озық тұр. Отандастарымыз 24 алтын, 11 күміс, 18 қола еншіледі. Бізден кейін тізімде – Қырғызстан құрамасы. Айыр қалпақты ағайындар 28 медаль жеңіп алды, оның 7-еуі алтын. Ал үздік үштікті көрші мемлекет – Өзбекстан түйіндеп тұр. Олардың еншісінде де 7 алтын бар. Айта кету керек, бүкіл әлем көз тіккен сайыста бесасықтан солтүстікқазақстандық бұрымды Сәния Әскер өнер көрсетіп жатыр. Қазақ күресінен теріскейлік Мейіржан Берекетов атой салып, бас жүлде еншілегені белгілі. Ал қыркүйектің 13-і күні шабандоздарымыз жарыс жолына шығады.

 

Нұрасыл Ахмет