Sailau banner

Білім

Атом электр стансасы болашаққа жол ашады

Өңірлік халықтық штаб мүшелері мекемелерді аралауды жалғастыруда. Бүгін Ербақыт Амантай мен Әлфараби Мыңбай Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде болды. Кездесуде ұстаздар қауымына референдум жайлы, атом электр стансасын салу турасында айтылды.

ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ, облыстық мәслихат депутаты, халықтық штаб мүшесі:

– АЭС-тан бас тартқан кейбір елдерде энергия тапшы. Энергияны басқа елдерден сатып алып жатыр. Біз де осындай жағдайдамыз.

Белгілі журналист Ербақыт Амантай – өткен мен бүгінгіні саралап жүрген азамат. Ол тарихи фактілерді жіпке тізді. Фукусима, Чернобыль. Бұларды ел біледі, алайда қорқудың қажеті жоқ. Штаб мүшесі мынандай пікір білдірді.

ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ, облыстық мәслихат депутаты, халықтық штаб мүшесі:

– Қазір жаңа АЭС-тар салынып жатыр. Оларда қауіпсіздік бірінші орында тұр. Яғни, аналар жарылды, мыналар да жарылады деген әбестік болады.

Өңірлік халықтық штаб мүшелері ұжымдармен кездесуді әрмен қарай жалғастырады. Олар алдағы уақытта аудандарды аралауды да жоспарлап отыр.

ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ, облыстық мәслихат депутаты, халықтық штаб мүшесі:

– Өзіміздің арнайы кестеміз бар. Штабқа әртүрлі саланың өкілдері мүшелік етеді. Арамызда ғалымдар да бар.

Кездесу соңында өңірлік халықтық штаб мүшесі Әлфараби Мыңбай экологиялық қауіпсіздік жайлы сөз қозғады.

 

Байболат Құлтанов