Sailau banner

Денсаулық сақтау

Жұқпалы дерттің алдын алуға арналған шара

Маймыл шешегі дертінің тарауына жол бермеу мақсатында Қызылжар халықаралық әуежайында арнайы оқу-жаттығу жиыны өтті. Маңызды шараға әуежай қызметкерлері мен қалалық жедел-жәрдем мен санитарлық-карантиндік бақылау саласының мамандары қатысты.

ВЛАДИСЛАВА ПЛЯШЕЧНИК, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің жетекші маманы:

– Маймыл шешегі – сирек кездесетін жұқпалы ауру. Негізгі белгілері – адамның басы мен бұлшықеттері ауырады. Содан кейін лимфа түйіндері өседі және бөртпе пайда болады. Дерт көбінесе Африка құрлығында белең алған. Елімізге де келуі мүмкін. Сондықтан, біз ұшақ пен пойыздан түскен жолаушыларды үнемі тексеріп отырамыз.

Ең алдымен рейстен түскен жолаушылардың дене қызуы тексерілді. Білікті мамандар маймыл шешегі инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген жолаушыны арнайы бөлмеге оқшаулады. Күдікті африкалық болып шықты.

Дәрігерлер жолаушының хал-жағдайын сұрап, тиісті көмек көрсетті. Содан соң науқас отырған бөлмелер дезинфекцияланды.

Айта кету керек, өңірімізде аталған инфекцияны жұқтыру фактісі әзірге тіркелген жоқ. Бірақ, маймыл шешегін жұқтырған жолаушы болса, білікті мамандар дер кезінде анықтап, оқшаулайды. Қауіпті дерттің дендеуіне жол бермейді.

 

Нұрасыл Ахмет