Sailau banner

Білім

Университетте бірлескен бастама аясында жаңа мамандықтар ашылады

Тараптар арасындағы берекелі байланыс! Жергілікті Қозыбаев пен америкалық Аризона университеті әріптестіктің жаңа парағын ашты.
Алдағы үш жылда жоғары оқу орындары бірнеше қосдипломдық білім беру бағдарламаларын жарияламақ. Олар: «Бизнес және менеджмент», «Жалпы медицина» және «Су ресурстары». Қоғамға аса қажет мамандықтар жіті талдаудың нәтижесінде пайда болғалы отыр. Бүгінгі таңда жоспар мәлім. Болашақта Петропавлға арман қуып келген жастар 10 бірдей қосдипломдық бағдарлама бойынша тәлім алатын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қозыбаев университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Ербол Исақаев айтты.

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, Қозыбаев университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры:

– Біз біртіндеп оқыту бағдарламаларынан зерттеу бағдарламаларына көшіп жатырмыз. Келешекте білім ордамыздың қабырғасында серіктестерімізбен бірге ғылыми жобалар қолға алынады. Олар өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталмақ. Бұлар: су ресурстары, азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы. Зор жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын. Аризона университеті жайлы толығырақ айтар болсақ, 2025 жылы жергілікті 40 студент АҚШ-қа барып, білім алады. Барлық шығынды Қозыбаев университеті көтереді.

 

Байболат Құлтанов