Sailau banner

Құқық қорғау органдары

СҚО-ға Алматы облысынан келіп, есірткі таратқан

Петропавлға сонау Алматы облысынан есірткі тарату үшін келіп жүрген. Ұсталған екеудің бірі – 36 жастағы Астана тұрғыны, екіншісі – 46 жастағы қарағандылық. Екеуі синтетикалық есірткімен Алматы облысындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталған.

Жалдамалы үйге неше түрлі құрал-жабдық пен прекурсор енді ғана жеткізіліпті. Бұл дүниелер әдетте есірткі зертханасында пайдаланылатын көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, зертхана 18 келіге жуық есірткі заттарын шығаруы тиіс болған.

ЖАНГЕЛДІ ӘПЕНОВ, қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы:

– Тексеріс кезінде 90 кг прекурсор алынды. Ұсталған адамдардың әрекеттері 297-бап 3-бөлім 1,3 және 5 тармақтары бойынша тергелді. 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ұсталған адамдар қамауға алынды. Материалдар сотқа жолданды.

Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілді. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Данаш Хамза